Жаңалықтар

Жетісулық полицей «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Жетісулық полицей «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды
Фото: ТЖМ 22.01.2024 22:53 487

Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Базарбаев ерлігі үшін марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.🔥

2023 жылғы 2 қазанда қаланы патрульдеу кезінде дүкеннің өртеніп жатқанын байқап, терезе арқылы қарт адам мен жас қыз болған екінші қабаттағы пәтерге кірді.

Эвакуациялап болан соң Данияр үйден екі газ баллонын алып шықты.

ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Қол ұшын созу - нағыз құрметке лайық аса маңызды адами қасиет, - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы атап өтті.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға