Жаңалықтар

Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды

Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: © Polisia.kz 27.01.2024 19:23 733

Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апатынан үш адам қаза тапты.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар және ең алдымен жылдамдықты асырмаңыздар. Автокөлікті басқару кезінде жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне және мертігуіне әкелетінін ұмытпаңыз, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға