Жаңалықтар

Жетісуда жол апатынан екі адам көз жұмды

Жетісуда жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 25.02.2024 12:15 676

Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты орын алды.

Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға