Жаңалықтар

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр
Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды
Фото: polisia.kz 26.02.2023 19:25 1078

Жетісуда көлік аударылған кезде бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда Панфилов ауданында «Ауди-100» автокөлігінің қатысуымен орын алды. Неміс иномарканы басқарған 67 жастағы ер адам Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолының 275 шақырымында, рулге ие болмай, көліктің аударылуына жол берді.

Автокөліктің салонында төрт жолаушы болды, олардың бірі, 1962 жылы туған, қайтыс болды және екеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының патрульдік және жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға