Жаңалықтар

Жетісуда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Жетісуда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды
Фото: © Polisia.kz 06.06.2023 21:50 610

Жетісу облысындағы Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің денесі Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз анықталған.

Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереміз деп отыр.

Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды. Облыстық полиция марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға