Жаңалықтар

Жетісуда қылмыстан зардап шеккендерге 4,5 млн теңге өтемақы төленді

Жетісуда қылмыстан зардап шеккендерге 4,5 млн теңге өтемақы төленді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 04:40 435

Жетісу облысында қылмыстан зардап шеккен 30 адам бірреттік ақшалай өтемақы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, биыл түрлі қылмыстардан зардап шеккендерге шамамен 4,5 миллион теңге өтемақы төленді.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның қабылдануымен Қазақстанда қылмыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсететін мекеме құрылған. Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған және бір реттік ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылады.

Төлемдер қылмыстардан материалдық зардап шегіп, келтірілген зиянның орнын толтыруға мүмкіндігі жоқ (соның ішінде ашылмаған қылмыстар үшін) адамдарды қолдауға бағытталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 46-бабы бойынша көрсетілген 124 құқық бұзушылық үшін төлемдер қарастырылған. Зардап шеккендерге бір реттік қаржылық төлемдер 2020 жылдың шілдесінен бастап түсе бастады. Өтемақы мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін қарастырылған. Биыл өңірдің 30 тұрғынына ақшалай бір реттік өтемақы төленді. Төлемдердің жалпы сомасы 4 424 430 теңгені құрады, – деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға