Жаңалықтар

Жетісуда егін ору басталды

Жетісуда егін ору басталды
Фото: ©El.kz 31.07.2023 06:42 625

Жетісу облысындағы Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында егін ору жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінде 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.

Егін жинау жұмыстарына облысқа 7 924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазір оператор анықталды, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырды. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісімшарттар жасалып жатыр, - делінген басқарма хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға