Жаңалықтар

Жетісу тұрғыны жалған шот-фактура жазып, 285 млн теңге шығын келтірген

Жетісу тұрғыны жалған шот-фактура жазып, 285 млн теңге шығын келтірген
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.05.2024 15:36 760

Жетісу облысының тұрғыны мүліктік пайда алу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл деректі Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

Тергеу барысында аталған азамат басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, нәтижесінде аса ірі көлемде залал келтіргені анықталды.

Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам сомаға келтірілген шығын толығымен өтелді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға