Жаңалықтар

Жетісу полициясы қыз зорлаған лауазымды тұлғаға қатысты түсінік берді

Жетісу полициясы қыз зорлаған лауазымды тұлғаға қатысты түсінік берді
Фото: Әлеуметтік желі 13.11.2023 13:21 1468

Жетісу облыстық полиция департаменті Талдықорған қаласы ішкі істер басқармасының басшысы ұсталғанына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, «Қыз зорлау» бабы бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталып, қамалған. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалған.

Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 2-бөлігі бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы күдікті деп танылып, уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Тергеу жалғасуда. Іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында, - деді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға