Жаңалықтар

Жетісу өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу жұртшылығымен кездесуде марапаттады
Жетісу өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда 20.10.2022 10:53 850

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай; «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жазылбеков және К» шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Есімжанов» шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;

«Шапағат» медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға