Жетісу облысындағы таудан өрт шықты

 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алакөл ауданы Көкмойын шатқалында таулы жерлерде құрғақ шөп өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылды: ТЖД мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 бірлік техника.

Әуеден сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды.

Таулы жерлерге жету ауыр болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып жатыр. Дегенмен, өрт сөндірушілер өртті тоқтату және оны толығымен сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз