Жетісу облысындағы Көкөзек каналының суы көтерілді

 ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

10 наурызда Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қопар ауылы маңындағы Көкөзек каналында су деңгейінің көтерілгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дер кезінде 5 қызметкер мен 1 техника барды. Тексеріс барысында екі жердегі арна суының асып кеткені анықталды. Алайда аула аумақтарын су баспаған. Қазіргі кезде жағдай толықтай бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз