Жаңалықтар

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты
Фото: gov.kz 01.10.2023 01:27 1142

Жұмыс сапары барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Жетісу облысының тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарымен экологияны сақтау, атмосфералық ауа сапасы, орман және балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Облыста ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 10,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда(10,1 мың тонна) 6,4% төмен.

Алматы облысы бойынша Жол картасы шеңберінде 8 іс-шарадан 6 іс-шара Жетісу облысында.

Мәселен, өткен жылы Талдықорған қаласының, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылды, Ескелді ауданының кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, Талдықорған қаласының LED-экрандарында атмосфералық ауаның сапасы туралы Қазгидромет ақпараты орналастырылуда.

Қалдықтарды басқару саласында негізгі проблемалар қалдықтарды басқарудың әлсіз дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны және өрімдердің жоғары тозуы немесе олардың болмауы болып табылады.

Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ҚТҚ қайта өңдеу және жою жұмыстары8,2% құрайды, бұл өте төмен көрсеткіш. Орташа республикалық деңгей 27% құрайды.

Космомониторинг аясында биыл өңірде 150 қоқыс орны анықталды, оның 72% жойылды (109 бірлік). Сонымен қатар, бірқатар қала және аудан әкімдері полигондарды жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Орман шаруашылығы саласында, Президенттің бастамасымен биылғы жылы 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша Жетісу облысында 7,03 млн. дана отырғызу жоспарлануда. Жыл басынан бері 120 гектар жерге 370 мың дана ағаш отырғызылды. Осы жылдың күзінде 3 мың гектар жерге 6,66 млн дана ағаш отырғызылады.

Өңірде балық саласын дамытуға қатысты балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға дейін Жетісу облысы бойынша балық өсіру көлемін 800 тоннадан 5,4 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті, ал іс-шараға қатысушылардан келіп түскен ұсыныстар проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілетін болады.

Сондай-ақ, Министр брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға