Жаңалықтар

Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды

Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды
Фото: Polisia.kz 16.09.2023 00:18 456

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады.

Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді.

Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға