Жаңалықтар

Жетісу облысында жасөспірім екі адамға шабуыл жасаған

Күдікті қамауға алынды
Жетісу облысында жасөспірім екі адамға шабуыл жасаған
Фото: polisia.kz 12.02.2023 10:40 1307

Жетісу облысында екі ауыл тұрғынын өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

10 ақпан аудандық ауруханаға 17 және 18 жасар екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жасар танысы жарақаттағаны анықталды.

Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 24-бабына, 99-бабына сәйкес «Адам өлтіруге оқталу» жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға