Жаңалықтар

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ 02.11.2023 19:45 589

Жетісу облысында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, облыс әкімдігімен бірлесіп ашылған мекеме ғимараты Көксу ауданы Балпық би  ауылы, Балпық би көшесі, 10в мекенжайында орналасқан.

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

Айта кетейік, бұған дейін азаматтарды  Измайылов көшесі, 10 мекенжайы бойынша қабылдаған болатын. Жаңа екі қабатты орталықтың ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды, бұл алдыңғы орталықтан үш есе көп. Бірінші қабатта ХҚКО орналасқан, екінші қабатта АХАТ, әлеуметтік қамсыздандыру және жер кадастры қызметтері көрсетіледі.

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

Жаңа ХҚКО бірнеше секторға бөлінген.  E-otinish орталығында мемлекеттік органға электрондық өтініш беруге, беру аймағында – дайын құжатты алуға, ал жайлылық аймағында қызмет алушылар оператордың көмегінсіз Электрондық үкімет порталы, "Мобильдік ХҚКО" қосымшасы және eGov mobile арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пандус, лифт және жеке терезе көзделген. Сонымен қатар, ана мен бала бөлмесі де бар. Айта кетейік, жаңа ХҚКО-ға күніне 200-ге жуық ауыл тұрғыны келеді деп болжануда.

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Жетісу облысында 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс азаматтарына 270 мыңға жуық қызмет көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға