Жаңалықтар

Жетісу облысында Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылды

Жетісу облысында Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылды
Фото: © Pixabay.com 22.05.2023 12:14 1220

Жетісу облысында жаңа Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап жатыр. Кардрдан зақым келген көліктерді көруге болады. Аударылған көлік жолды бөліп тұрған қоршауды бұзып кеткен.  

Жетісу облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндады.

21 мамыр күні Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. 39 жастағы жүргізуші жеті Tesla көлігін тасымалдап келе жатқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктер қозғалысы қалыпты. Жол жабылған жоқ, - делінген мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Admin: Kertaev Aidos (@krisp.tdk)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға