Жаңалықтар

Жетісу облысында өзенге түскен балалар құтқарылды

Жетісу облысында өзенге түскен балалар құтқарылды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 15.04.2024 00:39 371

Жетісу облысында кәмелетке толмаған балалар Қаратал өзенінде құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары Үйтас саяжай қоғамы ауданындағы Қаратал өзенінде ересектердің қарауынсыз шомылып, өзеннің ортасындағы аралға жүзіп барып, өз бетінше жағаға орала алмаған екі кәмелетке толмаған баланы құтқарды.

2011 жылы туған  балалар құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға