Жаңалықтар

Жетісу облысында өзендердегі су деңгейі көтерілді

Құтқарушылары су шайған автожол арқылы жергілікті тұрғындарды тасымалдауда
Жетісу облысында өзендердегі су деңгейі көтерілді
Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 08.03.2023 06:35 805

Жетісу облысында өзендердегі су деңгейі көтерілді, автожолдарды еріген қар суы шайды, аула аумақтарын су басты, деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Бұған бірнеше күн бойы қардың қарқынды еруі, күндізгі және түнгі уақытта ауа температурасының күрт жоғарылауы, сондай-ақ жауын-шашынның салдарынан еріген қар және жаңбыр суы ағуы себеп болған.

Негізінен, су тасқыны жағдайлары Кербұлақ ауданында тіркелді. Кербұлақ ауданының елді мекендерінің басым бөлігі тау бөктерінде орналасқандықтан, биыл қар көп түсіп жиналды, қыста қар жамылғысының биіктігі 100 см-ге дейін немесе одан да көп болды. Соңғы бірнеше күнде аудандағы температура фоны 10-15 градусқа дейін көтерілді. Сонымен қатар түнгі уақытта да температура нөлден жоғары болып тұр, сондықтан қар тез еруде. 7 наурызда Кербұлақ ауданында «Малайсары-Сарыөзек» облыстық маңызы бар автожол төсемін еріген қар суы шайды, автожолдың су басқан учаскесі ойпатта орналасқан, онда құбырлы өткел бар, ол егістіктер мен тау бөктеріндегі су жинайтың үлкен алаңнан келетін судың үлкен ағынын өткізе алмады, соның салдарынан жергілікті тұрғындар уақытша ауылдан шығып, кіре алмады, - делінген ведомствоның ақпаратында.

ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жергілікті тұрғындарды тасымалдау бойынша көмек көрсетті. Жалпы, жолдың су шайған учаскесі арқылы 50-ден астам адам, оның ішінде 14 бала тасымалданды.

Сағат 22.30-да су деңгейі төмендеді, жүк және жол талғамайтын көліктердің өтуіне мүмкіндік бар. Жол қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

2023 жылғы 8 наурызда облысішілік автожолдарды ұстауға жауапты облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол жүрудің жұмыс істеуінің бұзылуын жою жөнінде тиісті шаралар қабылдай отырып, тексеруді жүзеге асыратын болады.

Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға