Жаңалықтар

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры сотталды

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 22.02.2024 10:00 1782

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған, - делінген прокуратура ақпаратында.

Бұл фактты арнайы прокурорлар анықтап,  тергеп-тексерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға