Жаңалықтар

Жетісу облысында кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz 23.04.2023 11:00 691

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен күдіктілерді Жаркент қаласында ұстады. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.

Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов. 

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес "Қорқытып алу" жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға