Жаңалықтар

Жетісу облысында бақшасында марихуана өсірген ауыл тұрғыны ұсталды

Жетісу облысында бақшасында марихуана өсірген ауыл тұрғыны ұсталды
Фото: © Polisia.kz 20.06.2023 14:33 645

Жетісу облысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені үшін ауыл тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған дерек Сарқан ауданында тіркелді. Онда полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора-2023» профилактикалық іс-шарасының аясында Қарғалы ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам өзінің жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деп күдікке ілінді.

Ауыл тұрғынының бақшасынан 100 түптен астам өсірілген марихуана табылды. Өсімдіктер тамырымен жойылып, тәркіленді. Тексеру кезінде кептірілген марихуана және есірткі заттарын тұтынуға арналған әртүрлі құрылғылар табылды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Соңғы бірнеше күнде облыстың Сарқан ауданы, Талдықорған және Жаркент қалаларында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 3 дерегі тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға