Жаңалықтар

Жетісу облысында автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды

Жетісу облысында автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 08.04.2023 21:00 1030

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлаған леген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Бұл факт Жаркент қаласында тіркелді. Онда 6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны туралы хабарланды. Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, көлікті айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып алып, заңды иесіне қайтарды.

Күдікті, жәбірленуші сияқты, білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға