Жаңалықтар

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
Фото: Әлеуметтік желі 04.01.2024 13:17 3193

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға