Жаңалықтар

«Жетібаймұнайгаз» мекемесінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

«Жетібаймұнайгаз» мекемесінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: © iStock 02.05.2023 00:39 789

«Жетібаймұнайгаз» ӨБ №5613/28 ұңғымасында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала деректер бойынша, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС монтаждау жұмыстарын жүргізген, дәнекерлеу жұмыстары кезінде жарылыс болды.

Газбен дәнекерлеуші - Қазақстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды, бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері жеткен. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Қайғылы оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауға алды. Кінәлі адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес жазаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға