Жаңалықтар

Жетібай тұрғындары West Oil компаниясына жұмысқа алуды талап етті

Жетібай тұрғындары West Oil компаниясына жұмысқа алуды талап етті
Фото: Mangystaumadia.kz 21.02.2024 19:27 506

Бүгін, 21 ақпан күні, Қарақия ауданының бірқатар жұмыссыз тұрғыны аудан басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Mangystaumedia.kz мәліметінше, олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Бүгін West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға