Жаңалықтар

Жеті жыл ішінде діттеген мақсатқа жетуге сенім бар – Мәжілісмен

Жеті жыл ішінде діттеген мақсатқа жетуге сенім бар – Мәжілісмен
Фото: azh.kz 26.11.2022 17:40 1297

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев Президент айтқан міндеттердің барлығы жеті жылда іске асатынына сенімді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеті жылға жасалған тұғырнамасында айтылған басым бағыттың барлығы жеті жыл ішінде діттеген мақсатқа жететініне сенім және негіз де бар. Президенттің бірінші Жарлығы ауыл мәселесіне қатысты болғаны бізді қуантып отыр. Еліміздің 41 пайызын құрап отырған ауылдықтардың мәселесі күннен-күнге межесіне жетті деп ойлаймын. Сол себепті, ауылға үлкен қолдау және маңызды бағдарлама қажет. Осы арқылы көркейетін болса, мемлекетіміздің негізін құрап отырған азық-түлік саласы, ұлттық тұрғыдан болсын бұл жағынан ауылдың берері мол. Бұл Жарлыққа дән риза болдым», - дейді халық қалаулысы.

Мәжілісмен Президенттің бұл баяндамасы халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселеге жауап болды деп санайды.

«Көптеген сұраққа жауап болған сияқты. Аграрлық мәселе жөнінде біздің комитет үнемі назарда ұстайды. Астық өндірушілер болсын және 19 мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізбесі бойынша қадағалап отырамыз. Бүгінде қажеттілікті жауа алмай отырған азықтың 6 түрі бар. Оның ішінде қант мәселесі деген сияқты. Осының барлығы агрорлық мәселелер жөнідегі комитеттің негізгі бастамасы. Қазір нәтижесін көру үшін көптеген фактор әсер етуде. Ең бастысы ауыл шаруашылығынна бөлінетін қаражат еш кедергісіз және делдалсыз тікелей жету керек», - дейді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, ол қаржы иниститутына осыған қатысты үнемі талап қоятынын алға тартты.

«Бұлардың қазіргі ұстанатын саясаты банк жүйесіне ұқсас. Шын мәнінде осыған дейін ауыл үшін қаражаттың қандай тиімді тұстары болғаны туралы үнемі есеп беріп отыру қажет. Яғни, бұл жоба нақты ауылдық жерде жүзеге асса, халықтың сенімінен шығу керек. Азық-түлік нарығында өзіміздің үстемдігімізді көрсету арқылы аграрлық мемлекет ретінде басымдықты пайдалануымыз керек», - дейді Мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға