Жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерге тікелей қолдау жоқ

Жергілікті тауар өндірушілерге тікелей қолдау жоқ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.11.2023 12:05 424

Тахмина Нағуманова «Атамекен» ұлттық палатасы өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумында тау-кен өнеркәсібінің жұмысына тоқталып, ондағы олқылықтарды атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тау-кен кешені саласындағы тауарлар 2016 жылы 23,4 пайызды құраған болатын. 2022 жылы бұл көрсеткіш 16 пайызға дейін төмендеді. Стратегиялық реформалау агенттігінің есебі бойынша өндіруші өнеркәсіп 30 жылда үш есе өсті. Бірақ өңдеу өнеркәсібі ол алғашқы жылдардағы көрсеткіштерге әрең жетіп жатыр. Ал 2023 жылғы көрсеткіштерді көретін болсақ, жалпы өндірістің көлемі 34 триллион теңгені құрады. Оның тең жартысы немесе 16 триллион теңге тау-кен саласын қамтиды, – деді Тахмина Нағуманова.

Бұдан өзге спикер дүниежүзілік сауда ұйымының ұсынымы бойынша 2015 жылдан бастап жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау жүргізілмей келе жатқанын айтты. Бұл бойынша 20 пайыз жеңілдік алынып тасталған көрінеді.

Қазіргі кезде тікелей  отандық тауарларды сатып алудан гөрі тауарлармен қызметтерді сатып алуда шетелдік тауардың үлесі көп, – дейді «Атамекен» ұлттық палатасы өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, форумның негізгі мақсаты – жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарының қайта бағдарлануға және елішілік құндылықты дамытуға баса назар аударуға дайындығын көрсету, отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға