Жаңалықтар

Жер сілкінісі кезінде таралған жалған ақпараттар

Жер сілкінісі кезінде таралған жалған ақпараттар
Фото: facebook.com/Асхат Қасенғали 23.01.2024 11:25 6297

Жер сілкінісінен соң әлеуметтік желіде жалған ақпараттардың легі толастамады. Желі қолданушылары қаралым жинау мақсатында әртүрлі видеоларды өңдеп, халық арасында дүрбелең тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚазҰУ жатақханасы 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары қирады деген ақпарат шықты. Университеттің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

ҚазҰУ-дың жатақханалары, оның ішінде N6, 8 жатақханалардың қирауы мен қаза тапқандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаза тапқандар мен жатақхана қираған оқиға болған жоқ, — делінеді ҚазҰУ таратқан хабарламада.

Алматыдағы студенттік жатақханаларда жағдай тұрақты.

Университет жатақханаларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Студенттер де дін аман. Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігіндегі достары

Желіде ер адамның "Қаладан келе жатқан достарым хабарласып жатыр. Төтенше жағдайларда жұмыс істейтін жігіттер жан-жақтан хабарласып жатыр. Түнгі 3-те тағы да болады дейді. Ұйықтамай, сыртқа шығу керек дейді. Үйде қалмасын дейді. Қатты болады, сондықтан абайлап отырыңдар", - деген ақпараты таралды. Әдетте, жалған ақпарат тарататындар Төтенше жағдайлар министрлігін алға тартып, мемлекеттік органда жұмыс істейтін достарымның сөзі деп жалған ақпарат таратады.

Жер сілкінісінен кейін цунами болады

Желіде таралған кезекті фейктердің бірінде ер адам "Құрметті азаматтар. Қазір ғана ТЖД-дан смс-хабарлама келді, таңғы сағат 4-те жер сілкінісі болады. Сағат 5-те цунами, 8-де ыулкан атқылайды. Ал сағат 9-да өзге ғаламшарлықтар келеді. Сондықтан дайын болыңыздар, өтініш", - делінген ақпаратта. Бұл ақпараттың жалған екенін және оны әзілдеп жазғанын бірден түсінуге болады. Дегенмен, әзілдің соңы оқыс оқиғалармен аяқталуы мүмкін екенін есте сақтамайды.

Әл-Фараби ауданында үйлер құлады

Тағы бір жалған ақпаратта "Тыныштық сақтаңыздар. 6 балл. Қаланың жоғары аймақтарында, Әл-Фараби ауданында үйлер құлады. Қала бойынша төтенше жағдай жарияланды. Түнде 13 балға дейін болады деп отыр. Жапониядағыдай жер сілкінісі қайталанады", - делінген ақпаратта. 

Астанадағы үйлер тербеліп жатыр

Астана қаласының тұрғындары Алматы қаласындағы жер сілкінісі туралы алғашқы хабарламалардан кейін бірнеше минуттан кейін аздап дүмпулерді сезінгендерін жазып жатты. Кейбір азаматтар қалада жер сілкінісі болды деп мәлімдеді. Сонымен бірге Тұран даңғылындағы пәтерлердің бірінде тербеліп тұрған люстра бейнеленген.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі елорда тұрғындарынан жер сілкінісіне қатысты 30-дан астам қоңырау түскенін хабарлады. Өтініштер мен хабарламалар түскен мекенжайларға жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылар жүргізген ғимараттар мен құрылыстарды визуалды тексеруден кейін жаңа жер сілкінісі фактілері расталмады, зардап шеккендер тіркелген жоқ. Сондай-ақ ведомство Астанада жер сілкінісі болмағанын, Алматыда болған жер сілкінісінің салдары бар екенін айтты.

Эвакуациялайтын орындар жабық тұр

Әлеуметтік желілерде жабық эвакуациялық орталықтар туралы видеолар кеңінен тарады; Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы барлық мектептер мен балабақшаларда халықты қабылдау пункттері ашылғанын хабарлады. Қалада баспанасыз қалғандарды қабылдайтын 384 қабылдау орны бар. Бұл нүктелер 40 минут ішінде орналастырылды. Мәліметтерге сәйкес, қала бойынша пункттерде 11 600 азамат болған.

12 балдық жер сілкінісі болады

ТикТок желісінде эколог-маман Мэлс Елеусізовтің 12 балдық жер сілкінісі туралы айтылған және Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасалған видеосы таралды. Желі қолданушысы бұл бейнежазбаны монтаждап, жалған ақпарат таратып отыр.

@allatra_kz А Алматы ожидается землетрясение до 12 баллов. Пришло время объединяться и искать пути выхода. Для этого необходимо создать запрос от общества на создание единого мирового научного центра для поиска выхода из климатического кризиса и единой службы спасения по всему миру для оперативной помощи пострадавшим районам. Подробнее смотрите в обращении ко всему научному миру учёного Эгона Чолакяна. #челокян #человечность #алматы #землетрясение #казахстан #мчс #службаспасения #климат #кризис ♬ оригинальный звук - Созидательное общество
Қалада атыс болды
Желіде "Алматыда жер сілкінісінен кейін атыс болды. Анау тұрған әскерилер жолды жауып тастады. Полиция қызметкерлерінің бәрі осы жерде жүр", - деген ақпарат тарады. Полиция департаменті бұл ақпаратты терістеп, жалған екенін мәлімдеді.
@.captain.0 #землятресение #алматычп #алматы #чп ♬ оригинальный звук - Капитан

Дүкеннің құлауы

Алматыда жақында ашылған дүкеннің ішінде түсірілген видео тарады. Бұл видео 2023 жылы түсірілген. Желі қолданушылары аталмыш видеоның 2023 жылы түсірілгенін байқап қалды.

@ummasell_qz Землятресения в Алматы 2024г #землятрясение #землятресениеалматы #землятрисение #алматыземлетрясение #землятресениалматы2024 ♬ оригинальный звук - 𓆩cxzghoull𓆪

Жалған ақпарат таратқандар қалай жазаланады

Полиция азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге кеңес береді.

Жалған ақпарат таратпаңыздар, жалған ақпараттың көбеюіне ықпал етпеңіздер, дүрбелең мен қорқыныш ұялатпаңыздар, - деп ескертті ІІМ.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК-ке дейін (шамамен 60 мың) айыппұл қарастырылады. Егер бір жыл ішінде азамат кезекті рет жалған ақпарат таратса, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға