Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.10.2023 00:33 604

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын бөлудің ашықтығын арттыру және орталықтандыру қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, Энергетика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін өзгертті (Энергетика министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 356 және Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 518 бірлескен бұйрығы, Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қазандағы № 33520 болып тіркелді), атап айтқанда:

  • Энергетика министрлігінің жанынан ғылыми орта, қоғамдық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Ғылыми-Техникалық кеңес (ҒТК) құру;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулерді қаржыландыруы ғылыми жаңалығы және энергетика саласының басым бағыттары тұрғысынан ҒТҚ келіскен бағдарламаға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады;
  • Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде ҒТҚ ұсынымдары негізінде ғылыми зерттеулер нәтижелерін қабылдауы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін жер қойнауын пайдаланушылардың Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі;
  • ашық конкурстың нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар айқындайтын ғылыми қызметтің аккредиттелген субъектілерінің ғана ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруы (бұрын мұндай жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу «бір көзден» тәсілмен жүзеге асырылды);
  • зерттеулерді қаржыландырудың қайталануын болдырмау үшін орындалған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттік есебі енгізілді;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулерге аударымдары бойынша берешекті бюджетке аударуы.

Жоғарыда аталған өзгерістер энергетика саласындағы ғылыми әлеуетті дамытуға, сондай-ақ қоғам өзіне тиесілі табиғи байлықты пайдаланудан алатын материалдық игіліктерді ашық және объективті бөлуге ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға