Жаңалықтар

Қозыбаев университетінде ауылшаруашылық құзыреттерін зерттеу орталығы ашылды

Қозыбаев университетінде ауылшаруашылық құзыреттерін зерттеу орталығы ашылды
Фото: gov.kz 11.10.2023 23:39 459

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) бірлесіп, ауыл шаруашылығы құзыреттерін зерттеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хаб негізгі үш салаға – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған. 
 
Айта кетерлігі, өсімдік шаруашылығы саласында білім ордасы Қытай университетімен қазірдің өзінде әріптестік орнатқан. Бүгінгі таңда Қозыбаев университетінде бидай сортын сынау бойынша жобалар жүргізілуде. Жоба Қазақстанның құрғақ аймақтарында өнімділікті арттыру бойынша зерттеулерді қамтиды.

Сонымен қатар, қазір Kozybayev University Қытай университетінің мал шаруашылығы факультетімен және мал шаруашылығы бағытында белсенді жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға