Жаңалықтар

Жер бетінде 95 млн адам кедей өмір сүреді – БҰҰ

Ли Цзюньхуа 2022 жылы өте кедей жағдайда 95 миллион адам өмір сүріп жатқанын атап өтті.
Жер бетінде 95 млн адам кедей өмір сүреді – БҰҰ
Фото: bugin.kz 07.10.2022 05:54 2464

2022 жылы әлемдік экономика жағдайы айтарлықтай нашарлаған. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы Екінші комитетінің отырысында Бас хатшының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Джунхуа мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Әлемдік өндірістің жылдық көлемі 2,5 %-дан 2,8% дейін өседі деп күтіліп отыр, бұл бұрын болжанғаннан едәуір төмен. 

Көптеген дамушы елдер әлі де пандемиямен күресіп, олар жоғары инфляция мен экономикалық дағдарысты жеңуге тырысып жатыр.

Дағдарыс энергия бағасының күрт өсуіна байланысты одан сайын шиеленіскен.

Сондай-ақ Ли Цзюньхуа 2022 жылы өте кедей жағдайда 95 миллион адам өмір сүріп жатқанын атап өтті.

«Ғылым, технология және инновациялар адамдардың әл-ауқатын едәуір арттыра алады, бірақ әзірге көптеген адам интернетке қол жеткізе алмай отыр», - деді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға