Жаңалықтар

"ЖЭО-2-де апат болған жоқ". «Астана Энергия» АҚ мәлімдеме жасады

"ЖЭО-2-де апат болған жоқ". «Астана Энергия» АҚ мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.02.2024 15:24 513

Елордадағы «Астана Энергия» АҚ  ЖЭО-2-де апат болмағаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалды. Атап айтқанда, бұл жағдай апат ретінлде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Ондағы ақау электр және жылу энергиясын шектемеген көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға