Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие алуға 125 мың адам өтінім берген

Жеңілдетілген автонесие алуға 125  мың адам өтінім берген
Фото: ognialatau 06.02.2023 12:03 1301

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан.

"Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған", - деп толықтырды қор.

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады. Бағдарлама жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға