Жаңалықтар

Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды

Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды
Фото: видеодан алынған кадр 18.09.2024 17:50 444

Семейде сиырларды жеңіл көлікке тиеген ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының тұрғыны «Жигули» маркалы көліктің салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған еді. Бейнежазбадан бұзаулар көліктің артқы орындықтарына жайғастырылғаны көруге болады.

35 жастағы «ВАЗ-21060» көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.

Аталмыш баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға