Жеңіл атлет Жасмин Бегалинова аниме кейіпкеріне айналды

 ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының жеңіл атлеті Жасмин Бегалиноваға қатысты қызу талқылау әлі де жалғасып жатыр. Спортшының жарқын образы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді тәнті етсе, танымал видеокреаторлардың бірі оған арнап әсерлі аниме-минифильм түсірді.

Креатордың керемет жұмысы

Автор спортшының жарыстағы өнер көрсеткен сәтінен шабыт алып, ерекше стильдегі бейнеролик әзірлеген.

«Биіктік – оның стихиясы. Жасмин – қазақстандық биіктікке секіру спортының болашағы», – деп жазды ролик авторы Карим.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRM AI Studio | Creator (@krm.ai.creator)

Кейін автор  спортшының нақты фотосуреттерін пайдаланбай, Жасминнің бейнесін толықтай жаңадан жасап шыққан. Мини-эпизодта спортшының стадионға шығуға дайындығынан бастап, әйгілі жапондық «Blue Lock» анимесінің стиліне ұқсас әсерлі «суперсекіру» көрінісін қосқан. Роликтер 539 мыңнан астам қаралым жинап, 23 мыңнан аса лайк жинады.

Желі қолданушылары пікірлерінде «Өте әдемі шыққан!», «Бір күні Олимпиадада Қазақстанға алтын әкелетін жұлдызға айналасың!», «Жарайсың! Енді оған танымал брендтерден де ұсыныстар түсетін шығар», «Керемет! “Бесінші элементтегі” Лилуға ұқсайды екен»  деп жазды.

Жасминнің танымал суретінен шабыт алған әлемнің әртүрлі елдеріндегі әуесқой суретшілер де спортшының бейнесін түрлі стильде қайта салып, фан-арттар жариялай бастады. Қазір мұндай туындылар әлеуметтік желілерде көбейіп келеді. Ал Жасмин Бегалинова соңғы күндері ең көп талқыланып жатқан қазақстандық спортшылардың біріне айналды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRM AI Studio | Creator (@krm.ai.creator)

Айта кетерлігі, өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлеті Жасмин Бегалинова шетелдік әлеуметтік желілерде күтпеген жерден танымал болды. Биіктікке секіру жарысынан түсірілген кадрлар, әсіресе оның ерекше шаш үлгісімен өнер көрсетуі әлем  назарын аударды. Шетелдік қолданушылар қазақстандық спортшының келбетіне сүйсініп, оны танымал бейнеойындардың кейіпкерлерімен салыстырды.

Жасмин Бегалинова кім?

Жасмин 2007 жылы 26 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазақстан-американдық еркін университеті жоғары колледжінде «дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқиды. 

Бұған дейін Жасминмен сұхбаттасып, оның 18 жаста екенін, Өскеменде тұратынын және колледжде жаттықтырушы мамандығы бойынша білім алып жатқанын анықтаған едік. Болашақта спортпен кәсіби түрде айналысуды жоспарлаған ол спорт шебері атағын алып, Олимпиада ойындарына қатысуды мақсат етеді.

Жасмин спортпен 9 жасынан бастап айналысады. Жеті жыл бойы баскетболды кәсіби деңгейде ойнағаны тағы бар. Бойы – 180 сантиметр. Ал 2023 жылы жеңіл атлетикаға ауысып, биіктікке секіру бағытын таңдады. Қысқа уақыт ішінде осы спорт түрінде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

World Athletics халықаралық ұйымының мәліметіне сәйкес, Жасмин Бегалинова жабық кешенде өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында   биіктікке секіруден төртінші орын алған. Ал 2025 жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы осыған ұқсас жарыста жалпы есепте бесінші сатыға тұрақтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Begalinova Zhasmin Serikovna | Athlete (@hay_nyash)

2026 жылдың мамыр айында Жасмин Шымкент қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан жастар чемпионатына қатысып, қола медаль жеңіп алды. Жарыстан түскен фотосуреттерді ол үш аптадан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Суреттердің бірінде жеңіл атлет көптеген спортшылар секілді медалін тістеп тұрған сәтімен бөліскен.

Жетістіктері:

  • 2026 жыл – 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;
    2026 жыл – 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионатының қола жүлдегері.

Қызықты деректер

* Бұрын Жасминнің шашы ұзын болған, кейде ол шашының жекелеген бөліктерін ашық, қанық түстерге бояп жүрген.
* Спорттан бөлек, сән мен стиль әлеміне қызығушылық танытады. Болашақта өзін дизайнер ретінде сынап көргісі келеді.
* Жеңіл атлет аниме кейіпкерлерінің образдарына ұқсас стильдерді ұнатады және мұндай фотосуреттерді әлеуметтік желідегі парақшаларында жиі жариялап тұрады.

Оқи отырыңыз