Жаңалықтар

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биылдан бастап желтоқсан айындағы мерекелер санының қысқаруына байланысты демалыс күндері де азайды
Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: pixabay.com 16.11.2022 13:21 2881

Биылдан бастап желтоқсан айындағы мерекелер санының қысқаруына байланысты демалыс күндері де азайды, деп хабарлайды El.kz.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері аталып келген 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні биылдан бастап мемлекеттік мереке мәртебесінен  айырылды. Бұл күн мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекеленеді. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалмайды.

17 желтоқсан ұлттық мерекелер тізіміне алынды. Сондықтан бұл дата да жұмыс күні саналады. Биыл 16 желтоқсан жұмаға тұспа-тұс келеді. Демек, қазақстандықтар Тәуелсіздік мейрамына орай үш күн демалады - 16,17 және 18 желтоқсан.

Осылайша, ел азаматтары желтоқсанда 10 күн ғана демалыста болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға