Жаңалықтар

Желтоқсанда 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

Желтоқсанда 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 17.02.2024 21:06 596

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы желтоқсанда есепке 179,4 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% артты, оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% және жеңіл автомобильдер санының тіркеуі 45,2% артты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Респубилкасында 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 1 191,3 мың автокөлік құралы тіркелді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оның саны 1,6 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 326,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан – 2 459 мың автомобиль

10-нан 20 жылға дейін – 1 265,6 мың автомобиль

7-дан 10 жылға дейін – 680,7 мың автомобиль

3-тен 7 жылға дейін – 590,8 мың автомобиль

3 жылға дейін – 319,7 мың автомобиль

2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен2) .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға