Жаңалықтар

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға 250 мың теңгеден беріледі

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға 250 мың теңгеден беріледі
Фото: Әлеуметтік желі 08.12.2023 18:33 863

Алматы қаласының әкімдігі биыл осы желтоқсан қатысушыларына берілетін біржолғы төлем көлемін көбейтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін «желтоқсаншыларға» Тәуелсіздік күні қарсаңында бір реттік 150 мың теңге төлем берілетін. Биылдан бастап бұл сумма 250 мың теңгеге ұлғайтылды. Бастапқы жоспар бойынша бұл төлем көлемін келесі жылы арттыру жоспарланған. Алайда әкімдік қаржысының үнемделуіне байланысты жоспар бір жылға ерте жүзеге асты. 

Бұл туралы кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттарының сауалына жауап берген әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев айтты. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға