Жаңалықтар

Желтоқсан айында эпидахуал 2,3 есеге өсті

2022 жылға коронавируспен күресу үшін 87,8 млрд теңге бөлінген
Желтоқсан айында эпидахуал 2,3 есеге өсті
Фото: ortcom.kz 28.12.2022 10:51 1581

Елдегі эпидахуал туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың (2169 жағдайдан 5127 жағдайға дейін) 2,3 есеге өскен. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша соңғы аптада жалпы алғанда, әлемде сырқаттанушылық 3 пайызға дейін төмендегені байқалады.

«Сырқаттанушылықтың өсуі Америкада және Тынық мұхитының батыс бөлігінде Австралия, Вьетнам, Камбоджа, Қытай, тағы басқа елдерде байқалады, қалған 4 өңірде Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Африка, Шығыс Жерорта теңізінде сырқаттанушылық 16%-дан 36%-ға дейін төмендеді. Соңғы аптада әлемнің 54 елінде сырқаттанушылық өсті. COVID-19 штамының омикрон нұсқасы әлемдегі басым эпид болып отыр. Зерттелген үлгілердің 90 пайызы осы ауруға тиесілі. Қазақстанда COVID-19 ковид генетикалық сипаттамасын анықтау кезінде ағымдағы жылдың қараша айында омикрон нұсқасының айналымы да анықталды, оның 0,5%-нда BQ 1.1 цербер субгенетикалық желісі, 99,5%-да омикрон штаммының басқа нұсқалары анықталды», - деді.

Спикер цербер нұсқасы қазіргі уақытта әлемнің 65-тен астам елінде анықталған және омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айырмашылығы жоқ екенін айтты.

«Бұл көбінесе жеңіл түрде өтеді. Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың (2169 жағдайдан 5127 жағдайға дейін) 2,3 есе өсуі байқалады.Тәулігіне 300- ге дейін КВИ+ және 20 жағдайға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде. 28 желтоқсандағы жағдай бойынша КВИ-дің оң нәтижесімен 1 402 049 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 90 512 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстанның барлық өңірлері жасыл аймақта орналасқан, алайда, R көрсеткішінің бір бірліктен жоғары болуы еліміздің 15 өңірінде байқалады, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетіп отыр», - дейді вице-министр.

Қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын жерлерде бетперде кию ұсынылуда.

«Өңір сары аймаққа көшкен кезде ұжымдарды бір-бірінен ажыратуға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Бұл жақын байланыстағы адамдарды, вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру. Білім беру ұйымдарында топтарды қоса отырып, іс-шаралар өткізуді болдырмау болып табылады. Өңір қызыл аймаққа көшкен кезде инфекцияның таралуына және емдеуге жатқызылған адамдардың санына байланысты жиналыстарды онлайн форматқа көшіру, жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде маскаларды міндетті түрде пайдалану. Жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу. Объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалану, қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру», - деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылға коронавируспен күресу үшін 87,8 млрд теңге бөлінгені, оның ішінде 10 жарым млрд вакцинаға, 77,3 млрд теңге медициналық ұйымдарға берілгені айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға