Жаңалықтар

Желіде таксист пен имам арасындағы кикілжің қызу талқыға түсті

Желіде таксист пен имам арасындағы кикілжің қызу талқыға түсті
Фото: © Pexels.com 02.02.2024 14:42 1705

Қазақстандықтар желіде таксист пен жолаушы арасындағы кикілжіңді қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ролик авторының мәліметінше, оқиға Алматы облысының Талғар қаласында болған.

Видеоның басында ер адам көліктің есігін тарс етіп жапқанын, сонан соң оны тепкенін көруге болады. Бұдан бөлек «Аударылып қал, Аллаху акбар!» деп бетін сипады. Ашулы ер адамға жанындағы әйел басу айтқан.

Белгілі болғандай, видеодағы жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіт имамы Бақтияр Жақсылықов екен.

Видео ZTB | QAZAQSTAN Telegram-арнасында жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға