Жаңалықтар

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды,
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: sn.kz 28.08.2022 07:58 993

Қазгидромет жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Еліміздің басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай болжанады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға