Жаңалықтар

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қалай аккредиттейді?

Ұсынылатын құжаттар тізімі белгілі болды
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қалай аккредиттейді?
Фото: gov.kz 21.01.2023 19:40 1205

Елімізде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына сәйкес «Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін қалалық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды. 

Аккредиттеуді алу үшін арызданушылар басқармаға келесі құжаттарды ұсынады: 

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жарғы мен бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

3) бірлестік мүшелерінің тізімін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға