Жаңалықтар

Жеке кәсіпкер Qyzylorda брендімен шоколад өндірісін ашты

Аптасына 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда
Жеке кәсіпкер Qyzylorda брендімен шоколад өндірісін ашты
Фото: gov.kz 04.12.2022 11:10 1555

Жеке кәсіпкер Дархан Асан «Qyzylorda» арнайы белгісімен шоколад шығаруда, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Қызылорда облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кәсіпті бастағанымызға бір жылға жуықтады. Шоколадтың дайындалу әдісі бұрыннан қызықтыратын. Сол кезде осыны өзіміз дайындасақ қаламыздың өз өнімі болар еді деп ойлайтынмын. Сол идеяны іске асыратын уақыт келіп, қолға алған жайымыз бар, – дейді кәсіпкер.

Бүгінде олар аптасына 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Шоколадтың екі түрі бар. Цехтың өніміне қала дүкендері де қызығушылық танытуда.

Тәтті өнімдерді дайындаудың өзіндік технологиясы, әдіс-тәсілі бар. Одан ауытқысаң өнім ойдағыдай шықпауы мүмкін. Дархан Асан шоколад жасаудың арнайы курсын өтіп, сол арқылы оны әзірлеу әдісін игерген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға