Жаңалықтар

Жеке деректердің тарап кетуіне байланысты министрлікке 1400-ден астам шағым түскен

Жеке деректердің тарап кетуіне байланысты министрлікке 1400-ден астам шағым түскен
Фото: © Pixabay.com 12.03.2024 23:06 312

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («Робокеш.кз» «МҚҰ» ЖШС) микроқаржы ұйымы клиенттерінің дербес деректерінің таралып кетуін анықтап, жеке деректердің құпиялылығын бұзудың 2 миллионнан астам жағдайы белгілі болған еді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бүгінде қазақстандықтардан 1400-ден астам шағым түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік анықталған оқиғалар аясында және дербес деректерді қорғау саласындағы өз құзыреті шеңберінде жедел әрекет еткен. Egov Mobile мобильді қосымшасын пайдалана отырып, азаматтарды хабардар ету және осы деректердің таралып кетуімен байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар беру жүргізген.

7 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардан 1400-ден астам шағым мен өтініш келіп түсті. Комитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес бұзушылық фактілері бойынша мұқият тексерулер жүргізеді. Бұзушылықтар расталған кезде әкімшілік айыппұлдарды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданатын болады делінген мәліметте.

Бұдан бөлек, ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарды көрсететін материалдар анықталған жағдайда  Ақпараттық қауіпсіздік комитеті оларды одан әрі тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне береді.

Деректердің таралып кетуінен материалдық залал фактілері кездескен жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғау және келтірілген залалды өтеу үшін Ішкі істер министрлігіне немесе сотқа өз бетінше жүгіне алады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректері таралуы мүмкін барлық азаматтарды өздерінің құпия ақпараттарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға және құзыретті органдар ұсынған ұсыныстарды орындауға шақырады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға