Жаңалықтар

Жедел жәрдем қызметкерлері екі пациентті құтқарып қалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Жедел жәрдем қызметкерлері екі пациентті құтқарып қалды
Фото: @DenMinPR 05.02.2023 18:30 1253

«Жедел жәрдем» қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған екі пациентке сәтті реанимация жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жазатайым оқиға емдеу мекемесінен тыс жерде болған кезде, оқиға орнына бірінші болып жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жетеді, олардың кәсіби шеберлігі зардап шеккен адамның өміріне байланысты.

Төтенше жағдайлар кезінде «103» бригадасы бірлесіп, «бір командада» іс-қимыл жасауы тиіс. Өткен аптада Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері шұғыл реанимациялық іс-шараларды қажет ететін шақыртуларға шықты.

Сәтті реанимация жүргізудің нәтижесінде 58 және 62 жастағы екі пациенттің өмірін сақтап қалды. Шақырту кезінде екі пациенттің де кенеттен тынысы тарылып, жүрек қызметі тоқтап қалды. Көшпелі бригадалардың фельдшерлері пациенттерден өміріне қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылуы, клиникалық өлім диагнозын қойды.

Дефибрилляторды қолдана отырып, бірден реанимациялық шаралар басталды. Сауатты көрсетілген шұғыл медициналық көмектің нәтижесінде пациенттердің жағдайы жақсарып, облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілді және одан әрі емдеу үшін орталықтың мамандарына берілді. Өмірді сақтап қалу - бұл жедел медициналық жәрдемнің негізгі функциясы және негізгі мақсаты болып табылады. Оны іске асыру үшін «жедел жәрдем» қызметі кадрлардың біліктілігін арттыру, материалдық жарақтандыру және жылдам жету уақытымен жолға қойылған нақты жұмыс бөлігінде барлық күш-жігерін жұмсайды.

Медицина қызметкерлері әрбір 2 жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес реанимациялық іс-шаралар, жарақат алу кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйренеді, әртүрлі муляждармен және әдістемелік ұсыныстармен жабдықталған симуляциялық кабинет жұмыс істейді. Жедел жәрдем бригадалары заманауи медициналық жабдықтармен және көлікпен қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға