Жаңалықтар

Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады

Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр
Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады
Фото: KZgovernment 05.12.2022 11:55 1711

71 көпқабатты проблемалық үйлердің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Жедел штабтың жетекшісі — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар,  мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде.  

Жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйлердің тізімін жариялады. 

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы  689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Бұған дейін Екібастұздағы барлық білім мекемелеріне жылу берілгені турады айтылды.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда кварталішілік желілер мен жылу қондырғылары қалпына келтірілген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға