Жаңалықтар

Екібастұздағы барлық білім мекемелеріне жылу берілді

Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр
Екібастұздағы барлық білім мекемелеріне жылу берілді
Фото: 7dach 05.12.2022 11:26 978

Екібастұздағы білім мекемелері бұрынғыдай жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Екібастұзда 65 білім ошағы бар. Бұл – 21 жалпы білім беретін, үш мамандандырылған және бір жекеменшік мектеп, 6 колледж, 26 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 5 арнайы ұйым.

"Білім беру мекемелерінің жылу жүйесінің жұмысы бақылауда, ешқандай ақау жоқ. Жалпы қала бойынша жылумен қамту жағдайы қалыпқа келгеннен кейін білім беру ұйымдары әдеттегідей жұмыс істей бастайды", - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр. Лаура Дисюпова төтенше жағдайда Екібастұздағы 8 білім беру мекемесінде жылыту пункттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның 7-уінде жатар орындар бар, олар 620 адамды қабылдай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға