Жаңалықтар

Жедел штаб Астана іргесіндегі ауыл шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады

Жедел штаб Астана іргесіндегі ауыл шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады
Фото: ҚР ТЖМ 10.04.2024 02:43 209

Республикалық жедел штаб 6 және 7 шағын аудандарда су басу қаупі туындауы мүмкін екенін ескеріп, Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бұл жерге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, ҚР ТЖМ 52859 ә/б және ҚР ҰҰ 6636 ә/б жеке құрамы, әкімдік өкілдері мен еріктілер жіберілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға