Жаңалықтар

Жеңіл атлет Михаил Литвин рекорд орнатты

Спортшы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысуда
Жеңіл атлет Михаил Литвин рекорд орнатты
Фото: olympic.kz 09.08.2022 10:35 1272

Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин 400 метрге жүгіруде ел рекордын орнатты, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта спортшы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысуда. Алдын ала жүгіруде Литвин 400 метрді 44.94 секундта бағындырды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаңа жоғары жетістігі саналатын болды.

Айта кету керек, спортшы 45.25-ке тең болатын өз рекордын жаңартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға